Мектебімізде оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында асханаға жоспарлы тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тазалық талаптарының сақталуы, қызметкерлердің арнайы киіммен жұмыс істеуі және медициналық тексеруден өткені назарға алынды. Сонымен қатар, тағам өнімдерінің сапасы мен сақтау мерзімі, құрал-жабдықтардың дұрыс пайдаланылуы, күнделікті мәзірдің талаптарға сәйкестігі қадағаланды.